Жетпіс екі үлкен күнə 1. Aдам өлтiру. 2 . Зина жасау. 3. Ливата жасау. 4. Шарап жəне спиртті ішімдіктер ішу. (Пиво ішу харам) 5. Ұрлық жасау. 6. Кайф үшін наркотик қолдану. 7. Бiреудiң дүниесiн күшпен тартып алу. 8. Өтiрiк жерге куəгер болу. 9. Рамазан айында себепсiз адамдардың алдында тамақ жеу. 10. Пайызға ақша берiп, ақша алу. 11. Көп ант iшу. 12. Əке-шешеге қарсы келу, тiлiн алмау. 13. Мұсылман жəне салих болған туыстарымен араласпау. 14. Соғыс уақытында соғыстан қашу. 15. Жетiмнiң дүние-мүлкiн жеу. 16. Сауда-саттықта таразыдан жеу. 17. Намазды уақытынан бұрын немесе кейiн оқу 18. Мұсылман бауырын ренжiту. (Қағбаны бұзудан да ауыр күнə. Аллаһу та’аланы ренжітетін күпірліктен кейін көңіл ренжітуден ауыр күнə жоқ.) 19. Пайғамбарымыз айтпаған сөзiн айтып, хадис деп жала жабу. 20. Пара алу. 21. Дұрыс куəгерлiктен қашу. 22. Дүние мүлкiнiң зекетiн, ушрын бермеу. 23. Күшi жетiп тұрса да харам, күнə істегендерді көріп кедергі болмау. 24. Тiрi жануарды отқа жағу. 25. Құран Кəрiмдi үйренген соң, оқуын ұмыту. 26. Аллаһу та’аланың рахметiнен үмiтін үзу. 27. Мұсылман болсын, кəпір болсын адамдарға қиянат жасау. 28. Шошқа етiн жеу. 29. Хазреті Пайғамбарымыздың асхабынан біреуін болса да жа- ман көру, олар жайында жаман сөз айту. 30. Қарны тойса да тамақ жеу. 31. Əйелдiң күйеуiмен бiрге болмас үшiн үйден безуі. 32. Əйелдiң күйеуiнiң рұқсатынсыз үйден шығып қыдыруы. 33. Əдептi, намысты əйелді зинақор деу. 34. Нəмимə, яғни адамдар арасында сөз тасу. 35. Əурет жерлерiн басқаларға көрсету. (Ер кісінің кіндік пен тізе арасы, əйелдің шашы, қолы, аяғы да əурет жер болып саналады.) Бiреудiң əурет жерiне қарау да харам. 36. Өлексені жеу жəне бiреуге оны жегiзу. 37. Аманатқа қиянат жасау. 38. Мұсылман адамды ғайбаттау, яғни артынан сөйлеу. 39. Хасед ету, яғни көре алмаушылық. 40. Аллаһу та’алаға серiк қосу. 41. Өтiрiк айту. 42. Кiбiрлену, тəкаппарлық. 43. Өлейін деп жатқан жанның мирасқорынан дүние-мүлкін қызғануы. 44. Бахылдық, яғни көре алмаушылық, қызғаншақ болу. 45. Дүниеге деген махаббат. 46. Аллаһу та’аланың азабынан қорықпау. 47. Харам нəрсенi харам деп санамау. 48. Халал нəрсені халал деп сенбеу. 49. Балгерлердің айтқанына, ғайыптан беретін хабарларына сену. 50. Дiннен шығу, мүртəд болу. 51. Бiреудiң əйелiне, қызына себепсіз қарау. 52. Əйелдердің еркек киiмiн киюі. 53. Еркектердің əйел киiмiн киюі. 54. Қағбада күнə iстеу. 55. Уақытынан бұрын азан айтып, намаз оқу. 56. Ел басқарушылардың бұйрықтарына, заңдарына қарсы шығу. 57. Əйелiнiң əурет жерлерін өзiнiң анасының əурет жерлеріне ұқсату. 58. Əйелiнiң, анасын балағаттау. 59. Қарумен бір-бірін дəлдеу. 60. Иттен қалған жуындыны iшiп-жеу. 61. Жасаған жақсылығын мiндетсiну. 62. Еркектердің жібектен киім кию. 63. Сауатсыздықта аяқ тіреп тұру. Жахылдықтан қайтпау. (Əһли- сүннетке сай сенімді, фарздарды, харамдарды жəне қажет болған білімді үйренбеу.) 64. Аллаһу та’аланың атынан жəне исламның рұқсат берген есімдерінен басқа нəрселермен ант iшу. 65. Бiлiм үйренуден қашу. 66 Сауатсыздықтың (надандықтың) зиян, жаман екендiгiн аңғармау, түсінбеу. 67. Кішкентай күнə iстеуді жалғастыру, одан тартынбау. 68. Ешқандай себепсіз, яғни ешқандай мəжбүр етілмесе де, қарқылдап күлу. 69. Бір намаз уақытын өткізіп жіберетіндей уақыт жүнiп болып жүру. 70. Əйелдiң хайз немесе нифас (босанғаннан кейінгі) халiнде жақындасу. 71. Тағанни ету. Əдепсiз өлеңдер айту, музыка аспаптарын қолдану. 72. Өзін-өзі өлтіру, өз өміріне қастандық жасау. Баскаларда бiлсiн. Қабырғаңа сақтап қой

Теги других блогов: религия этика мусульманство